к?рдім» дегенінен шошып.
— Жо?, т?сім деме?дер, ??ім де?дер…
— Жа?сы. Айты?ыз.
— Біз, ?алы? ?аза? осы арадан босып Бал?аш барып, ?амал аралында ?ыс ?ткізіп, одан Меркені ал?ан екенбіз. ?ыр?ызды? манаптары Сарба?ыш Орман мен Жантай?а: «А?айынды екі ж?рт бірігіп, ?о?ан ханын жойып, жеке ел болайы?», — деп хат жазыппын.
— Ж?н ?ой. ?ыр?ыздар біздей Россия патшалы?ыны? ?орлы?ын к?рген жо? ?ой ?лі… ?о?ан ханыны? ?иянаттары болмаса, елі де, жері де сау, а? патша?а ?арсы келмейді…
— Орман ?зі хан бол?ысы келеді екен, ол «сен ма?ан ба?ын, с?йтсе? бірігуім м?мкін, ?йтпесе ?зі?ді ?стап берем. Сені? басы?а Бесонтиін ?ш мы? сом к?міс а?ша мен алтын медаль бергелі т?р», — дейді. Мен не дегенімді білмеймін, осы арада шым-шытыры? бірдемелер басталды. ?али??л манап келіп, ?зара татуласып, бір-бірімізге тимейтін болып бітім істеген т?різдіміз, біра? ол бітімді, мені? басымды сатып шен алма? бол?ан манаптар у?десін б?за ма, келісім с?рап бар?ан Сауры? батырды ?лтіріп, К?німжанны? інісі мен Жанасты ?ол?а т?сіріп, к?п т?леу с?рай ма, ?алай, ?йтеуір біз олармен со?ысу?а бел байлаппыз…
— Т?сі?ізге та?ы со?ыс кірсе ?иын екен. Ел тым к?йзелуде ?ой.
— И?, б?л тек т?с болсын де. Содан ?ан т?гіс басталыпты. Екі жа?тан бірдей жазы?ты, жазы?сыздар ?ырылып, жыла?ан бала, ?атын-?алашты? ойбайынан жер т?ршіккендей…
— Япырмай, ?… Онсыз да т?гілген ?ан аз емес еді ?ой…
Сайып келгенде біз Орман манапты? ?скерімен бетпе-бет келіппіз. Екі жа? Шу ?зеніні? бойында?ы ?ара ?оныс жазы?ыны? к?ншы?ыс шеті Кекілітау етегінде кездесіппіз. Кекіліні? «?улие шы?ы» аталатын басында Орман ?олы. Ежелден ?ан жосы?ан жер деп саналатын Майт?бе адырыны? басында біз… Сол жа?ымызда ?алы? б?йратты Алмалысай жазы?ы. Одан ?рі Шу ?зені… Олар биікте, біз т?мен. «?улие шы?ыны?» басында?ы Пішпекті? ??шбегі ?лішер дат?а мен Орман манапты ??імдегідей аны? к?ріп т?рмын. Манаптар «б?лем, т?ра т?р!» деп ж?дыры?тарын т?йеді. К?ншы?ыс жа?ымыздан, атын білмеймін, та?ы бір ?арлы биік шы? елестейді. Оны? басында Бесонтиін. Ол Орман мен ?лішерге ?ол б?л?айды, «Кенесарыны тез ??рт. Ж?рдемге бір ат?анда мы? адамды ?ыратын ?аруы бар ж?з ?скерімді жібердім», — дейді. Етекке ?арасам Бесонтиінні? с?зі ж?н секілді. Екі сыпайы самаурын?а ??сас буы б?р?ыра?ан бірдемеден о?ты ?ардай боратып т?р.
— К?ндіз не ойласа? т?сі?е сол кіреді деген, — деді ба?анадан бері ?ндемей отыр?ан ?біл?азы — есі?ізде ме Ж?сіпті? ?неугі с?зі.
Ж?сіп Орынбордан келген бір ?аш?ын солдаттан ?з елінде шы?атын бір журналды с?рап ал?ан. Сол журналда к?п н?рсе жазыл?ан екен. О?ты ?арша боратып, бір ат?анда мы? сан адамды жо? ететін болаша?та ?ажайып ?арулар шы?ады-мыс деп Ж?сіп Кенесары?а айт?ан. Ты?дап отыр?ан Кенесары «Шіркін-ай, сондай ?аруды? бір-екеуі менде болар ма еді», — деп арман білдірген.
— М?мкін сондай б?ле ме, ?йтеуір жант?ршігер бір ?аламат, — деді с?зін ?айта жал?ап Кенесары, — со?ыс ?лі бастал?ан жо?, біра? мені? екі к?зім Кекілітау жа?ында. К?ндіз к?зіме т?сері тау басына жыра, сайы, ?ойнау мен ша?ын б?р?ыратып а?ылып келе жат?ан ?алы? ?ол. Т?нде б?кіл Кекілітауды? бойын ?аптай жан?ан оттар… Мен шошынып, ?біл?азы, сенен: «Кекілідегі ?ыр?ыз к?п пе, аспанда?ы ж?лдыз к?п пе?» — деп с?раймын.
?біл?азы езу тартып к?лді.
— Кене а?а, б?ны?ыз?а мен жауапты ?азір берейін, Сіз манаптарды? ?здерін к?рді?із бе, ?лде тек ша? мен отты ?ана к?рді?із бе?
— Ша? мен отты ?ана к?рдім. Манаптардан к?ргенім тек Орман, ?лішер, ?али??л.
— Онда б?л ескі ?улы?. Ескендір З?лхарнайын?а ?арсы со?ыс?анда са?, ?ыпша?, ?йсіндер осындай ?діс ?олданыпты. Т?нде ?ос басына емес, ?р сыпайды? ?зіне жеке от жа?тырып, ал к?ндіз екі сан ?олды екі тауды? арасымен ша?ды аспан?а шы?ара ерсілі-?арсылы ж?ргізе беріпті. ?аза?тарды б?рын білмейтін Ескендір З?лхарнайын «б?л не ?ыл?ан к?п ?ол еді» деп сескеніп, ?аза? даласына аттанудан бас тартыпты. ?ос м?йізді Ескендірді? бізді? жерге келмеуіні? бір себебі осында к?рінеді.
— Б?л бір еске алатын ?улы? екен, — деді Кенесары. С?йтті де т?сіне ?айта кірісті. — ?ыр?ыз?а бірге аттан?ан Сыпатай батыр мен Р?стем т?ре бізді тастап кетіп барады. Ар жа?ында та?ы да шым-шытыры? бір п?лелер… Жекпе-жек шы??ан батырлар, ?арама-?арсы беттесіп келген ?олдар. Орман?а мен: «Шы? жекпе-жек!» — деймін. Ол ма?ан борбайын к?рсетіп к?леді. ?ыс?асы, бір кезде бізді? ?алы? ?ол ?оршау?а т?скен екен деймін. Бір жа?ында патша солдаттары, екінші жа?ында ?исы? ?ылыш ?о?анды?тар, ?шінші жа?ымызда ала ?алпа? манаптар. Жанталасып жан-жа?ыма ?араймын. ?оршауды б?зам деп екі ж?з жігітпен жау?а шап?ан Наурызбай… Ар жа?ында та?ы шым-шытыры?… Д?л ??імдегідей: «Япырмай, б?дан да ?иын кезе?дерде жол тап?ан а?ылым ?айда деймін. Патшаны? зе?біректі бес мы?да?ан ?скеріне бой бермеген басым, мына то?ышар манап?а т?теп бере алма?аны? ба?» — деймін ?зімді ?зім ?инап. Біра? т?теп бере алатын емеспін. ?сіресе сыпайларымны? ??тын алып, ?ырып бара жат?ан екі б?йірімізден атыл?ан ?лгі самаурындай буы б?р?ыра?ан ?ажайып ?ару… ?лден уа?ытта А?ауызды? жалын ??шып Наурызбай ??лады. Тек ?олды жарып А?ыла?ымен ?амалай ?у?ан жау?а жеткізбей А?ыбай ?ана ??тылды. ?оршау тая?ан сайын тынысым тарылып, Батырм?рат баста?ан серіктеріммен иірімді ?арасу ?зеніне ат ?ойдым… Астымда?ы атымды иірім ала ж?нелді. ?ай жа?ымнан келгенін білмеймін, біресе Батырм?рат, біресе ?ара?лек, біресе сен екеуі?, біресе Ар?ын, ?ыпша?ты? жас жігіттері су?а жібермей мені жа?а?а алып келе жатыр…
Терлеп кеткен Таймас:
— Япырмай, т?стегі су ??і?ізде к?рер азабы?ыз ?ой, ?йтеуір жар жа?асына шы?ты?ыз ба?
— Шы?тым ?ой. Біра? алдымда Т?регелді манап бас?ар?ан ?али??л жаса?ы т?р екен. ?ол?а т?стім… Ар жа?ында та?ы шым-шытыры?, біреу жылап, біреу к?лген т?різді. Б?л уа?ытта ?арасам сы?сы?ан жау ортасында т?рмын. Б?л бір ?лкен той т?різді. Е? ортада ?али??л манап, «иманы?ды айта бер, ?азір басы?ды аламыз» дейді. Мен иманымды айтып, алла?а жалын?аннан г?рі, басымнан ?ткен ?мірімді, а?айын-туысымды, ?атын-баламды, ?зе?гілес серіктерімді, туып ?скен К?кшені? к?гілдір тауларын, Сарыар?аны? айдын шал?ар к?лдерін, жасыл орман, к?к шал?ын белдерін к?з алдыма елестетіп ?н салдым.
Кенесары б?л жолы да ел ?ам?оры ер болып к?рініп отыр… ?біл?азы мен Таймасты? ж?йесін босата с?йледі.
— Сонда?ы ?оштасуымны? екі ауызы ?азір де есімде:
?ош аман бол, Сарыар?а ?скен жерім,
?айт?ан ?аздай ?алы? ел, к?шкен жерім,
Тізе ?осып бар ?аза? ел бола алмай,
Ит пен ??с?а жем болып ?шкен жерім.
Сен де аман бол, Сарысу, ?аратауым,
Же?е алмадым, ?о?анда кетті дауым.
?ор?ыт к?рі алдымда ?азулы екен.
А?ырында, мінекей, же?ді жауым!..
Осы ?оштасуымды айтып басымды ?али??лды? ?олында?ы ?ылыш?а тоса бердім. С?п-суы? болат ?ылыш к?к желкемнен кірш етіп кіріп, ?ндірімнен бір-а? шы?ты, басым анадай жерге домалап т?сті..
— Япырмай, — деді Таймас ма?дайына шы??ан суы? терді орамалымен с?ртіп, — ?аза? т?сінде ?лген адам ?за? жасайды дейтін еді, ?за? жасарсыз, Кенеке…
— ?оя т?р, ?за? жасар, ??з?ын ??с кімге т?л?а боп ж?р? — деді Кенесары Таймас?а, — ?ызы?ы артында…
— Т?с десе т?с екен, ?лгіден кейін де бірдеме к?рді?із бе? — деді Таймас «?лгеннен кейін» деген с?зді айту?а аузы бармай «?лгіден кейін» деп.
— К?пті? б?рі осында боп т?р ?ой. Соны? жоруын с?рама?пын сендерден. ?зім ?лсем де, б?рін естіп, к?ріп жатырмын. «Кенесары ?лді» деп со?ымнан ерген бір?ауым ж?рт аза т?тып, к??ірене ж?нелді. ??ла?ыма сол ?ай?ыны? ішінен Нысанбайымны? жо?тауы дара естіледі. То?тай т?ршы ?алай деп жылап еді Нысанбай? И?, бір-екі ауыз с?зін ?лі ?мыт?ам жо?: